Бокс

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінің басты кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz

Кештің басты жекпе-жегінде Батыр мексикалық Рикардо Ларамен жұдырықтасты. 10 раундқа белгіленген кездесу, 2 раундта аяқталды. 28 жасар қазақстандық боксшы Жүкембаев қарсыласын сұлатып түсірді. Бұл Батырдың спорттағы мансабындағы 18-ші жеңісі. Және 14-ші рет қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бастапқыда отандасымыз аргентиналық боксшы Максимилиано Рикардо Веронға қарсы бокстасуы керек еді.Бірақ ол Канадаға виза ала алмағандықтан, Батыр басқа спортшымен шаршы алаң төрінде күш сынасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер