Бақбергенова халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Мадина Бақбергенова Красноярск қаласында өтіп жатқан «Иван Ярыгин» халықаралық турнирінде қола медальға қол жеткізді. <br />
Бақбергенова 59 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдесуде белорусиялық Анастасия Гучокты жеңді. Тағы бір үшінші орынды ресейлік Анастасия Яковлева жеңіп алды. <br />Моңғолиялық Шоовдор Баатаржав алтыннан алқа тағынса, ресейлік Хадижат Муртузалиева күмісті қанағат тұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или