Азия аймақтық іріктеу турнирі өтетін уақыты белгілі болды

Азия аймақтық іріктеу турнирі өтетін уақыты белгілі болды

<span>Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі  өткізілетін жаңа мерзімді анықтады деп хабарлайды Olympic.kz. </span>

<span> «ХОК-тың бокс бойынша жұмыс тобы мен Қытайдың Олимпиадалық комитеті  Уханьдағы коронавирус инфекциясының таралуын жіті қадағалауда. Спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 3-14 ақпан аралығында бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына азия аймақтыұ іріктеу турнирін өткізуді кейінге қалдырды.  </span>

<span>Іріктеу турнирінің өткізілу мерзімі – 3-11 наурыз. Қазіргі кезде жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтағае бойынша, барлық Ұлттық федерацияларға хабар таратылады», - делінген ХОК-тың ресми хатында. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или