Қазақстандық теннисші Антальяда топ жарды

Қазақстандық теннисші Антальяда топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева қытайлық Эсинь Мамен бірге түркиялық Антальяда ITF сериясындағы турнирде жеңіпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы. 

Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейлік дуэт Анна Уреке мен Ксения Ласкутованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, жекелей сында қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Хуэргодан жеңіліп, жарысты екінші айналымда аяқтады. 

Құламбаева бұған дейін Қытайдағы ITF турнирінің абсолют чемпионы атанған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или