Баландин Қытайда қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Бейжіңде өтіп жатқан турнирде 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды prosports.kz
100 метрді тура 1 минутта жүзіп өткен Баландин қоланы қанағат тұтты. Екінші орынды Нидерланды өкілі Арно Камминг иемденді. Ал үздік нәтиже көрсетіп бірінші орынды қытайлық Ян Цзыбей жеңіп алды. <br />Айта кететіні 100 метрлік брасс әдісімен жүзуге төрт спортшы ғана қатысты. Ертең брасс әдісімен 200 метрге жүзу жарысы өтеді. <br />Жалпы турнирге 25 елден 60 астам спортшы қатысуда. Жарыстың жүлде қоры 900 мың АҚШ долларын құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или