Головкин жаттығу лагеріне өзгеріс енгізді
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) он жылда алғаш рет жекпе-жекке тауда дайындалмайды.
Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджерге SNAC спорттық дайындық орталығының директоры Виктор Конте хабарлады.
Контенің айтуынша, Головкин он күндік сынама лагерінен кейін Сан-Франциско (Калифорния штаты, АҚШ) шығанағы аумағындағы SNAC базасында толыққанды лагерь өткізуге шешім қабылдаған. Танымал америкалық маман боксшының физикалық дайындығына жауап береді.
Конте Андре Уорд, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде, Андре Берто, Нонито Донэйр сынды боксшылармен жұмыс істеп танылған.
2010 жылдан бері Головкин Big Bear-де (Калифорния штаты) жаттыққан еді. Бұл зал теңіз деңгейінен 2064 метр биікте орналасқан. Ал жаңа лагерь жазықта тұр.
Головкин келесі жекпе-жегін 28 наурызда өткізуі мүмкін. Қазақстандық боксшы IBF титулының міндетті үміткері поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы ықтимал.