Басқа

Азия ойындарының жүлдегері Мамаев мансабын аяқтады

Азия ойындарының жүлдегері Мамаев мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Азия ойындары мен жаөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы әрі бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Нұрсұлтан Мамаев спортпен қош айтысты. Ол енді өз бағын бапкерлік қызметте сынап көрмек.

Нұрсұлтан Мамаев таеквондодан Қазақстан жастар (қыздар) құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұрынғы спортшының ендігі міндеті – еліміздегі таеквондоны жаңа деңгейге көтеру.

«2020 жылдың қаңтарынан бастап спорттық мансабымды аяқтап, бапкерлікке түбегейлі бет бұрдым. Бұл шешімге келу үшін ұзақ ойландым. Өйткені, спортта біраз жетістікке қол жеткізсем де, Олимпиада жүлдесі бұйырмаған еді. Бірақ менің салмағымды ұстап тұру қиынға соқты. Мен олимпиадалық салмақ саналатын 68 келіде сынға түстім. Алайда, күнделікті салмағым 76-77 келі арасында болды. Сондықтан, жарыс алдында салмақ қуу оңай болмады. Өзге салмаққа ауысайын десем, олимпиадалық салмақ дәрежесіне жатпайды. Сол себепті, спортпен қоштасуды жөн көрдім. Таеквондода мен мүмкін болған жарыстардың бәрінен жүлде алдым. Тек Олимпиада медалі арман болып қалды. Ендігі мақсатым – жаттықтырушы ретінде таеквондошыларды жеңіс тұғырына көтеру. Қыздар арасынан әлем чемпионы атанған спортшылар жоқ. Соларды тәрбиелесем деген мақсатым бар. Спорттағы жеңістерім бапкерлік қызметте де жалғасын табады деп сенемін», - дейді Нұрсұлтан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер