Теннис

Үстел теннисінен ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Үстел теннисінен ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Әйелдер арасындағы командалық турнирде Батыс Қазақстан облысы топ жарды. Екінші орында Алматы қаласы, үшінші орында Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан спортшылары орналасқан. БҚО командасы сапында Гүлчехра Хусейнова, Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетовалар сынға түскен.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Кирилл Герасименко бастаған елордалық спортшыдар жеңіске жетті. Кирил және Александр Герасименколар және Роман Халилов финалда Шымкент командасынан басым түсті.

Үшінші орынды Қарағанды және Алматы қалалары өзара бөліскен.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер