Басқа

«Формула-1» екі дүркін чемпионы «Дакарда» апатқа ұшырады

news-banner7
mobile-news-top

«Формула-1» екі дүркін чемпионы испандық Фернандо Алонсо Сауд Арабиясында өтіп жатқан «Дакар» ралли-марафонының 10-кезеңінде апатқа ұшырады

Алонсо арнайы учаскенің 87-ші шақырымында дөңнен сәтсіз түсті, испандықтың автокөлігі екі рет аударылды.

Айта кетейік, бұл «Дакардағы» оның дебюті еді. Алонсо мен штурманы испандық Марк Кома зардап шеккен жоқ, ал көліктің алдыңғы әйнегі зақымданған. Motorsport.com порталының хабарлауынша, экипаж жарысты әйнексіз жалғастырып, содан кейін техникалық көмек көлігін күту үшін тоқтаған, кейін қайтадан қозғалысты жалғастыра берген. Айналымның бірінші бақылау нүктесінде Алонсо көшбасшыдан 1 сағат 8 минут 16 секундқа қалып қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер