Басқа

Қайсар Алпысбай Премьер-лигадағы жеңісіне баға берді

Қайсар Алпысбай Премьер-лигадағы жеңісіне баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан командасының мүшесі, Чилиде өткен Премьер-лига турнирінің жеңімпазы Қайсар Алпысбай өзінің алғашқы ірі жеңісі туралы баяндады. Жас спортшы осыған дейін бірнеше рет әлемдік турнирде жүлдеге іліккен болатын.

- Сантьягода өткен жылдың алғашқы жарысында алтын алу бақыты бұйырды. Бұл менің ең алғашқы ірі жеңісіп болған соң, өте қуаныштымын. Финалды қоса есептегенде, турнирде жалпы есебі бес жекпе-жек өткіздім. Алғашқы айналымда Чили, екінші кезеңде АҚШ, үшінші кездесуде Эквадор спортшыларын ұттым. Ал жартылай финалда марокколық каратешіден басым түстім. Онымен Мадридтегі жарыста да жолыққан едім.

Ал екінші жартылай финалда командалас ағам Дархан Асаділов бразилиялық Дуглас Броузбен кездесті. Өзім Дарханның финалға шығатынына сенімді болғам, алайда, Дуглас жеңіп кетті. Ал ақтық сында Бразилия спортшысымен тең түстім. Бірақ төрешілер жеңісті маған берді. Жалпы, әлем чемпионы атанған Броузбен Шанхайдағы турнирде де кездесіп, басым түскен болатынмын. Сол себепті, оның әдістерін айтарлықтай жақсы білемін.

Менің басты арманым - Олимпиада ойындарына қатысу. Биылғы Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі Дархан ағамда көбірек. Бұйырса, алдағы төртжылдық додасына қатысу үшін барымды саламын. Мұнымен тоқтап қалмайтыным анық. Бүгінде олимпиадалық рейтингте 11-ші орынға көтерілдім, - дейді Қайсар.

Айта кетелік, Қайсар Алпысбай 60 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер