Қазақстан құрамасының ойыншысы бельгиялық клуб сапында алаңға шықты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» өз алаңында «Руселаремен» 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Бельгия Екінші лигасының 21-туры аясында өтті. Вороговский негізгі құрамда алаңға шықты.
Кездесудің төртінші минутында «Беерсхоттың» қорғаушысы Йорен Дом есеп ашты. 75-ші минутта қонақтар бразилиялық жартылай қорғаушы Андренің көмегімен таразы басын теңестіре алды.
Вороговскийді 68-минутта француз <span>Баптиста Алое</span> алмастырды.
21-ші турдың қорытынысы бойынша «Беерсхот» 29 ұпаймен бесінші сатыда тұр.
<h3>Оқи отырыңыз:</h3>
«Тегін келгені қуантады». Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или