Қайсар Алпысбай Чилидегі Премьер-лига турнирінде топ жарды

Қайсар Алпысбай Чилидегі Премьер-лига турнирінде топ жарды

Чилидің Сантьяго қаласында каратеден 2020 жылдағы алғашқы рейтингілік турнир - Премьер-лига бәсекесі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар айтарлықтай сәтті өнер көрсетті деп жазады Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан үш спортшы сынға түскен болатын. Турнир қорытындысы бойынша Қайсар Алпысбай финалда бақ сынап, әлем чемпионы, бразилилық Брозаны жеңді. Бұл Қайсардың Премьер-лига турниріндегі ең алғашқы жеңісі. Дархан Асаділов пен Еркінбек Байтөреев жарыстың қола жүлдесі үшін кездесуі тиіс еді. Алайда, Еркінбек Дарханға жол беріп, қола жүлде Асаділовке бұйырды.

67 келідегі Дидар Әмірәлі қола жүлде үшін өткен кездесуде венесуэлалық әлем чемпионы Мадераны ұтып, үздік үштікке енді. Осы салмақтақтағы тағы бір қола жүлдені қазақстандық Асылбек Мұратов иеленді.

84 келідегі Игорь Чехмарев пен +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева құрама қоржынын қола жүлде салды. Ал үшінші орынға таласқан 75 келідегі Ермек Айназаров Марокко спортшысынан ұтылып, алғашқы бестікке енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или