Басқа

Қайсар Алпысбай Премьер лига финалына шықты

Сантьягода (Чили) каратэден Премьер лиганың А кезеңінен жарыстар өтуде. Назарларыңызға екінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз.

Ерлерден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дархан Асаділов пен Еркінбек Байтөреев жарыстың қола жүлдесі үшін кездеседі. Ал қайсар Алпысбай дәл осы салмақ дәрежесінде финалға шықты.

67 келіге дейінгі салмақта Асылбек Мұратов пен Дидар Әмірәли қола жүлдені сарапқа салатын болса, 75 келіге дейінгі салмақтағы Ермек Айназаров жарыстың қола жүлдесі үшін жарыс алаңына шығады.

Әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақта ел намысын қорүап жатқан Софья Бергульцева да қола жүлде үшін қарсыласпен кездеседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0