Басқа

Каратеден Премьер-лига турнирі: Игорь Чехмарев қола жүлдеге қол созым жерде

Каратеден Премьер-лига турнирі: Игорь Чехмарев қола жүлдеге қол созым жерде
news-banner7
mobile-news-top

Чилидің Сантьяго аласында каратеден биылғы жылдың алғашқы турнирі – Премьер-лига бәсекесі басталды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде әйелдер 50, 55, 61 келіде, ерлер 84 келіге дейін және 84 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде бақ сынады. 50 келіде сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай екінші айналымда Филиппин спортшысына жол берсе, 61 келідегі Гузалия Гафурова перулік қарсыласынан ұтылды. Сабина Захарова бірінші кездесуде Бразилия спортшысына есе жіберді.

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Игорь Чехмарев топтағы соңғы кездесуде ирандық әлем чемпионы Пуршабтан ұтылды. Ол жексенбі күні хорватиялық спортшымен қола жүлдеге таласады. Осы салмақта бақ сынаған Данияр Юлдашев бірінші кездесуде чилилік спортшымен тең түсті. Алайда, төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер