Қазақ күресінің атауы өзгеруі мүмкін

Ұлттық спортымызды ұлықтап, оны Олимпиада мен Азия Ойындарының бағдарламасына еңгізу үшін әлі табанды еңбек атқарылу керек. Дегенмен, көп айтылып жүрген бір түйткіл – күрестің атауы.Өйткені, әлемде қазақ күресіне түзу көзқарас болғанымен, оның атауын көптеген мемлекеттер жатырқайтын болса керек.

Ұлт спортының тарихын зерттеуші Елемес Әлімханұлының айтуынша, ұлттық мұрамызды әлемдік деңгейде ұлықтайық десек, жапонның дзюдосы, өзбектің кураш, қырғыздың алыш күресі секілді ұлт атымен қоса аталмайтын атау керек екен.

«Еліміздегі балуандар күресі әлемдік деңгейге шыққаннан кейін түрлі кедергілер кезігіп отыр. Зерттеулер бойынша, 1928 жылға дейінгі құжаттарда «қазақ күресі» деген атау кездеспейді. Кезінде ол «қазақша күрес» деп аталды. «Қазақ күресі» деген атау 2000 жылдардан бастап қалыптаса бастады. Күрес «балуандық күрес», «жекпе-жекке шығу», «күш сынасу» деген атаулармен кездеседі. Бүгінде әлемдік деңгейге шығып отырмыз. Мысалы, күрестің дзюдо, таэквондо секілді жапондарға тән түрі бар. Бір елдің спорты бола тұра сол елдің атымен аталмайды. Қазақ күресі деген атауда да осындай мәселе туындап отыр. Біздің қазақ күресін дамыту барысында оның ұлттың атына телінуі шетелдік заңнамаға да, талаптарға да қайшы екен. Күрес атауына үрке қарамаса да түсінбей жатады», - дейді мәселе төңірегінде толғаған қазақтың балуандық өнерін зерттеуші Елемес Әлімханұлы.

Алдағы уақытта қазақ күресінің тарихи атауына оралатын болсақ, оны «белдесу» деп атауымыз да мүмкін. Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Тастанбек Есентаевың пікірі осыған саяды. Бірақ мұндай шешім қабылдамас бұрын қоғам талқысына салып, кеңесе отырып келісімге келмек. Бұл дегеніміз жоқ жерден мәселе тудыру емес, тек қазақ күресін әлемдік деңгейде таралуы үшін жасалатын қадам.

alashainasy.kz сайтының материалдары бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или