Top Rank басшысы соңғы он жылдықтың үздік боксшысын атады
Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум өткен он жылдықтың үздік бокшысын атады.
- Он жылдықтың үздік боксшысы деп Мэнни Пакьяоны айтар едім. Ол тұрақты түрде шаршы алаңға шығып, бәрімен жұдырықтасты. Ол Мэйвезердің өзі жекпе-жек өткізгісі келмеген жалғыз боксшы еді. Меніңше, оның бұл тізімде қарсыласы да жоқ. Мэнниге тең келетін боксшы болмады.
Мэнни Пакьяо мансабын әлі аяқтаған жоқ. Ол он жылдықтың мықты боксшысы. Ол тарихта ұлы боксшылармен бір қатарда тұратын болады, - деді Боб Арум.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или