Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты.
<span>Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады және осы тұрғыдан алғанда олар ағаш төсектен де мықты. </span>
<span>«Бірақ, үстінде секіретін болсаңыз, ол да ағаш төсек сияқты қирап қалады», - дейді Китадзима.</span>
<span>Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек қойылады, ал Паралимпиада кезінде оның 8 мыңы ғана пайдаланылады. </span>
<span>Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада 25 тамызда басталып, қыркүйектің алтысы күні аяқталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или