Грек-рим күресі

Байсейітов: Балуандар Токио Олимпиадасына көп жолдама алуға тырысады

Байсейітов: Балуандар Токио Олимпиадасына көп жолдама алуға тырысады
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов балуандардың 2020 жылғы маусымға арналған басты жоспарларымен бөлісті.

- 2019 жылды шығарып салдық. Өткен жылғы Азия чемпионатында мен команданың басы-қасында болмадым. Тек елордада өткен әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама тізгінін қолға алдым.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында үш медаль, екі жолдама жеңіп алдық. Алда бізді Токио Олимпиадасы күтіп тұр. Төртжылдық додасына қалған жолдамаларды жеңіп алу міндеті тұр алда. Наурыз айының соңында Қытайда өтетін лицензиялық турнирге дайынбыз. Сол сында жолдама мәселесі шешіледі деген ойдамын. Сондай-ақ, біз қаңтар айында Ницца қаласында өтетін Гран-при турниріне дайындық үстіндеміз. Аталған бәсеке балуадарға үлкен тәжірибе сыйлайтыны сөзсіз, - дейді Байсейітов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер