Басқа

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде азаматтардың 546 өтініші қаралды

news-banner7
mobile-news-top

2019 жылы спорт және дене шынықтыру істері комитетіне 560 жазбаша өтініш түсті. Оның ішінде заңды тұлғалардан - 175, жеке тұлғалардан - 385.

Жыл қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 546 өтініш өңделді. Өтініштер көбінесе арыз түрінде болды, олардың 440-ін комитет қарады. Одан бөлек 30 шағым мен 90 сұраныс, пікір мен ұсыныстар келіп түскен. Мамандар азаматтардың 546 өтінішін қабылдап, түсініктеме берді, қазіргі таңда 14 хат орындалуда.

Келіп түскен өтініштер спорт түрлерін дамытуға және оларды қаржыландыруға қатысты-бұл мәселе 497 хатта қозғалды. 63 өтініш ойын бизнесі мен лотереяларды өткізу мәселелеріне арналған.

2019 жылы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығы 24 азаматты қабылдады: оның ішінде жеке тұлғалар - 18, заңды тұлғалар - 6. Қабылдау қорытындысы бойынша барлық азаматтар көтерген мәселелеріне сай қажетті ұсыныстар мен түсініктемелер алды.

Айта кету керек, барлық өтініш, соның ішінде жазбаша өтініштер сарапшылар тарапынан қаралды, ал оларға жауап заңнамамен белгіленген мерзімде жіберілді.

Түпнұсқасы: mks.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер