Нұрзат Сабыров ақпан айында рингке шығады

Нұрзат Сабыров ақпан айында рингке шығады

Шаршы алаңда жеңілістің ащы дәмін татпаған Нұрзат Сабыров келесі жекпе-жегінің өтетін орны мен күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec порталының хабарлауынша, екінші орта салмақтағы боксшы рингке бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Лемье мен поляк Роберт Таларек арасындағы жекпе-жектің андеркардында шығады. Турнир Канаданың Римуски қаласында 2020 жылдың 21 ақпанында өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Сабыров венгриялық Ласло Тотаны ұтқан еді. Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой мансабында қазірге дейін 10 жекпе-жек өткізіп, 9-ын уақытынан бұрын аяқтады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или