Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне алғыс айтты

Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне алғыс айтты

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдары үшін болатын жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум қазағым! 25 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде, басты жекпе-жекте аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға қарсы өзіме тиесілі IBF Inter-Continental және WBC Continental чемпиондық белбеулерін қорғаймын! Қарсыласым 16 жекпе-жегінде 12 мәрте жеңіске жеткен IBF Latino чемпионы. Бұл 2020 жылғы мен үшін алғашқы үлкен сынақ! Алла бұйыртса жеңіс үшін бар күшті саламыз! Алға Қазақстан! Қолдауларыңыз үшін рақмет!» - деп жазды спортшы өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында. 


Еске сала кетсек, Жүкембаев соңғы рет шаршы алаңға 26 қыркүйек күні Монреаль қаласында шықты. Батыр мексикалық Мигеля Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или