Марко Антонио Рубио: «Головкинді нокаутқа жіберуге дайынмын»

Марко Антонио Рубио: «Головкинді нокаутқа жіберуге дайынмын»

Мексикалық Марко Антонио Рубио қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Бұл бәрінің есінде қалатын кеш болмақ. Екеуіміздің біріміз нокаутқа түсеміз. Ал менің айтарым мынау: мен шаршы алаңда оны нокаутқа жіберуге дайын боламын. Ол мені дұрыс бағаламай жүрген шығар, алайда адамдар Головкинді рингте басқа бір мықты боксшымен бірге көреді.

Оның осал тұсы қорғанысы деп ойлаймын. Ол ашылған кезде менің дәл соққы жасайтын мүмкіндігім болады. Ол бұған дейін менің деңгейімдегі немесе өзі секілді мықты ұратын боксшымен жұдырықтасты деп ойламаймын», - деді Рубио.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Калифорнияда өтеді.

Championat.com порталының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или