Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтеді
<span>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды.</span>
<span>Негізі, әу баста 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда оралады деген жоспар болған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді. Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін. <br />Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.<br /></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или