Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақстандық боксшы Екатеринбургте жұдырықтасады
Екінші жеңіл салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Станислав Калицкидің рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec порталының хабарлауынша, отандасымыз 24 қаңтарда Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 22 жастағы венесуэлалық Ронал Рон болмақ. Оның 11 жеңісі және 3 жеңілісі бар.
Ал қазақстандық боксшы 9 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, 3-еуі нокаутпен аяқтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или