Емельяненко - Джексон жекпе-жегінің трансляциясы

Емельяненко - Джексон жекпе-жегінің трансляциясы

29 желтоқсанда Сайтама қаласында Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты жекпе-жегінде 41 жастағы Квинтон Джексон мен 43 жастағы Федор Емельяненко жұдырықтасады.

Кездесу алдында қос қарсылас салмақ өлшеді. Америкалық спортшы ресейлік әріптесінен 10 келіге ауыр болып шықты. Федор мінген таразы 109 келіні көрсетсе, Джексонның салмағы - 120,2 келі.

Емельяненко аралас жекпе-жекте 45 жекпе-жек өткізіп, оның 38-інде жеңіске жетті. 41 жастағы Квинтон Джексон да 38 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Алайда ол барлығы 51 рет жекпе-жекке шыққан.

Кештің басты жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:00-де басталады. <span>Кездесуді мына </span>СІЛТЕМЕ 1<span>, </span>СІЛТЕМЕ 2 көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или