Сауль Альварес: Мейуэзермен енді жұдырықтассам, бәрі басқаша болар еді

Сауль Альварес: Мейуэзермен енді жұдырықтассам, бәрі басқаша болар еді

Осыдан алты жыл бұрын Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО), сол кездің өзінде бокс ардагері атана жүріп,  22 жастағы жас Сауль Альваресті (53-1-2, 36 KO) жеңген болатын, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Мексикалық әлі де қарымта қайтарғысы келеді, дегенмен ол мүмкіндікті 99,9% бағалап отыр.

«Маған әрине, қарымта қайтару ұнайтыны анық. Бұл жолы бәрі басқаша болады. Мен ол кезде тым жас, әрі тәжірибесіз едім, қазір бәрі басқаша. Нәтиже де басқаша болар еді. Бірақ енді ол жекпе-жек бола қоймас», дейді Альварес.

Сонымен қатар мексикалық боксшы мамыр айында кіммен жұдырықтасатынын әлі білмейді. Соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізген ол, ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңген болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или