Головкин ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Головкин ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады Prosports.kz.

Головкин көңіл айту жазбасын твиттер желісіндегі жеке парақшасында жазды. 

- Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Барлық зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспін, - деп жазды спортшы. 

Еске сала кетейік, бүгін таңертеңгі сағат 7-де Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или