Басқа

Қазақстандық тайбоксшылар Азия чемпионатында 14 алтын медаль ұтып алды

Қазақстандық тайбоксшылар Азия чемпионатында 14 алтын медаль ұтып алды
news-banner7
mobile-news-top

17-21 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде муайтайдан Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада 35 Азия елдерінің 300-ден астам спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Қазақстан муайтай федерациясының баспазсөз қызметі.

Бес күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы жалпы командалық есепте жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Қазақстанның атынан қатысқан 28 спортшылардан жиырма екеуі жүлдемен елге оралды.

Ересектер арасында Аида Хайруллина (60 kg), Дамир Фатхутдинов (75 kg) и және Александр Цариков (81 kg) қола жүлдеге қол жеткізі.

86 kg салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Эмиль Умаев (86 kg) күміс медаль ұтып алды.

Әбіл Ғалиев (63,5 kg), Ерқанат Оспан (60 kg) және Алмаз Сәрсембеков (57kg). финалда жеңіске жетіп, Азия чемпионы аттанды. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын Сәрсембеков Азия чемпионатында күміс медаль үтып алса, жарты жылдан кейін Әлем чемпионы атанды.

Ересектер арасында 7 медаль (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) еншілеген еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орында Тайланд (9 алтын, 4 қола), екінші – Иран (5 алтын, 3 күміс, 5 қола).

Ал жастар арасында жарысқа қатысқан спортшаларымыз 11 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде ұтып, командалық есепте бірінші орынға иеленді.

Жастар арасында Азия чемпионы атаңған спортшыларымыз:

  1. Денис Шарапов (12-13 лет, 34 kg),
  2. Алексей Турбин (12-13 лет, 36 kg),
  3. Данил Гофман (12-13 лет, 40 kg),
  4. Амира Мухтар (12-13 лет, 50 kg),
  5. Рифат Ашимбаев (14-15 лет, 38 kg),
  6. Бауыржан Мұхамбеталиұлы (14-15 лет, 42 kg ),
  7. Еркебұлан Қасен (14-15 лет, 45 kg ),
  8. Алияр Мухтар (14-15 лет, 48 kg),
  9. Артур Абдуллаев (14-15 лет, 57 kg),
  10. Шәмил Ермағамбетов (16-17 лет, 51 kg),
  11. Владимир Колесников (16-17 лет, 54 kg).

Дмитрий Комар (12-13 лет, 38 kg) мен Магамед Халилов (14-15 лет, 51 kg) чемпионатта күміс медаль еншіленді.

Илья Байчигасов (16-17 лет, 60 kg), и Темирлан Атшыбаев (16-17 лет, 75 kg) қолаға қол жеткізді.

Осылайша, Абу-Дабидегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына 22 медаль бұйырды. Оның он төрті алтын, үшеуі күміс, бесеуі қола. Сөйтіп, жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты. Көшбасында Иран құрамасы (15 алтын, 10 күміс, 8 қола).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер