«IBF белбеуі үшін жеткіліксіз». Польшалық БАҚ Шереметаның GGG-ді жеңетініне сенбейді
Boxing.pl журналисі Анджей Пастушек польшалық боксшы Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегіндегі мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Кездесу алдағы жылы наурызда өтеді деп күтіледі.
«Головкин ақырындап қартайып келеді – бұл Деревянченкомен жекпе-жекте көрінді. Шеремета Сергей секілді техникасы мықты әрі әуесқойда тәжірибелі болмаса да, жақсы жекпе-жек өткізуге қауқарлы. Полякта жастық, батылдық және бапкердің тактикасы болады. Ол Головкинге күш көрсете алады, бірақ IBF белбеуі үшін ол жеткіліксіз – қазақстандық боксшы Камилден бокстың кез келген элементінде мықты», - деді польшалық журналист.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или