Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің жаттығуға кіріскенін және келесі жекпе-жектің өтетін уақытын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар! Жаттығу процесі басталды! Келесі жылдың наурыз айында бізді үлкен жекпе-жек күтіп тұр! Жаңалықтарды қадағалаңыз», — деп жазды Қанат Ислам Instagram парақшасында жағада жаттығып жүрген видеосын жариялап.

Еске сала кетейік, боксшы осы жылдағы соңғы жекпе-жегін 26 қазанда өткізген болатын. Алматыда басты бокс кешінде қазақстандық спортшы бірауыздан судьялардың шешімімен Намибиядан келген боксшы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 KO) — 97-92, 97-92, 99-92 есебімен ұтты.

Осылайша ол бірінші орта салмақта International WBO титулын сақтап қалды. Нәтиже көптеген даудың тууына себеп болды, ал Каутондоква тарапы Дүниежүзілік бокс ұйымынан (WBO) өтемақы талап етуге шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или