Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Қазақстандық зілтемірші Анна Нурмухамбетова допинг ережелерін бұзды деп айыпталуда. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы 2012 жылғы Олимпиаданың жүлдегерін спорттан уақытша шеттетті.

Биылғы жылдың тамыз айында Талдықорған қаласында өткен Спартакиада ойындарында 81 килоға дейін салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтыншы орын алған. Зілтеміршінің жарыс кезінде тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған "Оралтуринабол" препараты табылған. 

Қазіргі таңда спортшының ісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Егер Анна Нурмухамбетованың допинг қабылдағаны расталса ол 4 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или