Надаль жылдың үздік теннисшісі атанды
Кәсіби теннисшілердің қауымдастығы «Жыл ойыншысы» номинациясындағы ATP Awards 2019 жеңімпазын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл атаққа әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде маусымды аяқтаған испан теннисшісі Рафаэль Надаль ие болды. .
2019 жылы Надаль Үлкен Дулыға турнирлерінің үш финалында ойнап, Ролан Гаррос пен US Open-де жеңіске жетті. Австралия ашық чемпионатының финалында Надаль серб Новак Джоковичтен жеңіліп қалды.
Жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама бойынша Роджер Федерер жылдың үздік ойыншысы атағына ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или