Елеусінов АҚШ-та бокс әлемінің аңыздарымен жолықты
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) 20 желтоқсанда 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Финикс қаласындағы (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде өнер көрсеткелі отыр. Бұл кештің басты жекпе-жегінде Дэниел Джейкобс (35-3, 29 КО) пен Хулио Сезар Чавес-кіші (51-3-1, 33 КО) жұдырықтасады.
Осы жекпе-жегінің алдында Елеусінов бірнене даңқты боксшымен кездесті. Атап айтқанда, аты аңызға айналған Хулио Сезар Чавес-үлкені, екінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Каллум Смит, екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион Джесси Варгас және бокс кешінің қатысушысы Дэниел Джейкобспен жолықты.
Айта кетейік, бұл туралы Елеусінов инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.