WBO президенті: «Канело» бокс тарихындағы ұлы боксшыларының бірі болады

WBO президенті: «Канело» бокс тарихындағы ұлы боксшыларының бірі болады

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Пако Валькарсель мексикалық боксшы Сауль Альварестің шешіміне қатысты пікір білдірді.

- Альварес бокста біраз жетістікке жетсе де, ол әлі жас. Ол мансабын аяқтағанда тарихтағы үздік және Мексиканың ұлы боксшыларының бірі болады. Оның орта, екінші орта, жартылай ауыр және басқа салмақтағы жекпе-жектерін күтеміз, - делінген мәлімедеме.

Естеріңізде болса, Сауль Альварес 2 қараша күні Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Сергей Ковалевті жеңіп, мансабында төртінші салмақта чемпиондық белбеуді иемденген болатын. Қазіргі таңда «Канелоға» орта салмақтағы WBC (Franchise) мен WBA (Super) және екінші орта салмақтағы WBA (Regular) белбеулері тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или