Шығыс Қазақстанда грек-рим күресінен Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды

Шығыс Қазақстанда грек-рим күресінен Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды

Шығыс Қазақстан облысы Таскескен ауылында ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл 12-нші рет өтіп жатқан дүбірлі додаға он команда қатысуда, атап айтқанда Өскемен, Семей, Талдықорған Степногорск, Аягөз, Үржар, Жарма, Жаркент, Лепсі және Таскескеннен 200-ге жуық жасөспірім бақ сынайды.

Турнирдің ұйымдастырушылары Болат Тұрлыханұлының шәкірттері - Қанат және Қайрат Сүлейменовтер.

Ауыл спотының деңгейін биікке көтеріп жүрген азаматтар биыл да сол бағыттарынан тайған жоқ. 

- Ардақты ұстазымыз Болат Тұрлыханұлыны еске алу турнирі Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Дүбірлі дода 12 жыл ішінде жас таланттардың бағын ашатын таптырмас турнирге айналды. Дарынды спортшылардың көбі ауылдан шығатынын ескерсек, мұндай шараларды жиі ұйымдастырып отыру керек, - дейді жарыстың бас демеушісі Қанат Сүлейменов.

Айта кетелік, турнир екі күнге созылып, жеңімпаздарға естелік кубоктар мен медальдар табысталады, сондай-ақ қаржылай сыйақы да беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или