Ибрагим Ескендір Мусса Аджибуді нокаутпен жеңді

Ибрагим Ескендір Мусса Аджибуді нокаутпен жеңді

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мәскеуде өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Ибрахим Ескендір (6-0, 6 ко) Малави былғары қолғап шебері Мусса Аджибумен (28-14-5, 24 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте IBA Asia белбеуі сарапқа салынған. 

Жекпе-жек тоғыз раундқа жоспарланған еді. Бірақ 33 жастағы қазақстандық боксшы африкалық қарасыласын нокаутқа жіберді.

Ибрагим үшін бұл жеңіс кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі ретінде тіркелді. Жеті кездесуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ескендір бокспен қатар, әншілік мансабын сәтті жүргізумен де танымал болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или