Ілияс Хамзин: Қарсыласым мықты және тәжірибелі болды
Ресейлік этникалық қазақ Ілияс Хамзин (4-1) RCC 7 турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Екатеринбургте (Ресей) Хамзин қырғызстандық Улыкбек Окановпен (8-3) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Хамзин жеңіске жетті.
– Жекпе-жекті соңына дейін өткізіп, ММА-дің не екенін сезіндім. Екінші раундта лоу-кик тепкеннен соң аяғымда жайсыздық байқалды. Ал бірінші раундта қылқындыру әдісінен шығуға күшім жетті. Енді жаттықтырушылармен жекпе-жектің бейнешолуын қарап, қателіктерді қараймыз. Қарсыласым мықты және тәжірибелі. Оған рақмет айтқым келеді, - деді Ілияс Хамзин жекпе-жектен соң.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или