Батыр Жүкембаев қаңтарда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан және қай жерде өткізетіні белгілі болды.
BoxRec мәліметінше, қазақстандық боксшы 25 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino кешенінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде мексикалық Мигель Васкесті жеңіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или