Masters-2019: Дидар Хамза ресейлік Олимпиада чемпионынан ұтылып қалды

Masters-2019: Дидар Хамза ресейлік Олимпиада чемпионынан ұтылып қалды

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан жылдың қорытынды турнирі – Masters бәсекесінің екінші жарыс күні басталды.

Бүгін Қазақстан сапынан татамиге шыққан Дидар Хамза алғашқы айналымда жеңіліс тапты. Ол ресейлік Хасан Халмурзаевтан «ваззари» әдісімен ұтылған. 

Сондай-ақ, бүгін 73 келідегі Жансай Смағұлов та бақ сынауда. Әзірге, Жансай екінші айналымға жолдама алды. 

Айта кетелік, жарыстың бірінші күні татамиге шыққан қазақстандық балуандар жүлдесіз қалды. 60 келідегі Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін күресте жеңіліс тапса, 66 келідегі Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақановтар бірінші кездесуде ұтылды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или