Қазақстандық боксшы 4 жылдық үзілістен соң жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы 4 жылдық үзілістен соң жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Роман Жайлауов (15-2, 9КО) төрт жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралады.

25 жастағы былғары қолғап шебері төрт жылдан бері бокстан қол үзіп қалған. Жақында Роман Жайлауов шаршы алаңға оралуды шешіпті. Boxrec мәліметінше, қазақстандық былғары қолғап шебері 31 қаңтар күні Данияда өтетін бокс кешінеде шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Айта кетейік, Роман Жайлауов шаршы алаңға соңғы рет 2015 жылы шыққан болатын.  Мансабында алғашқы 15 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, артынша екі кездеусінде қарсыласына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или