Таңат Сағындықов: «Жігіттеріміз жарады»

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Таңат Сағындықов ХVІІ Жазғы Азия ойындарындағы «классиктер» көрсеткіші туралы өз ойымен бөлісті, деп жазады confederation.kz cайты.

«Қоржында алтынның болғаны жақсы. Нұрмахан Тінәлиев Азиядағы үздік балуан екенін тағы да дәлеледі. Ол нағыз ер! Азия ойындарының чемпионы атағын еш күмәнсіз жеңіп алды. Негізі, жігіттер бұдан да жақсы өнер көрсетуі тиіс еді. Ерұлан Ысқақов жартылай финалда ирандық балуанмен жақсы күрес көрсетті. Алайда, адуынды қарсыласты жеңу үшін әлі күш керек екен. Нәтижесінде Ерұлан қола жүлдені қанжығасына байлады. Алмат Кебіспаев та жарады. Ол Солтүстік Кореялық әлем чемпионымен күресте ауыр жарақат алды (бастың қатты зақымдануы мен жақтың сынуы). Алайда, бойын жинап, қола медальді қолдан жіберген жоқ. Бапкерлер құрамы Алматтың денсаулығын ойлап, кіші финалға жібергісі келмеген. Алайда, Кебіспаев бізге қарсы тұрып, қалайда қола үшін күреске шығамын деді. Бұл нағыз патриоттың әрекеті!» - деді Таңат Сағындықов confederation.kz сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или