Айза Мамбек: Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмын
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбек Prosports.kz сайтына «Алтын коньки» жарысын қорытындылады.
- Хорватиядағы жарыста көрсеткен өнеріме көңілім толмады. Ойымдағыны, жаттығуда дайындағанымды орындай алмадым. Жаттығуларым бірқалыпты өткен. Жарыста өзіме сенімділік жетіспеген болар.
Енді алдымызда Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысамын. Дайындығым жақсы. Егер бәрі жақсы болса ұпай жинау үшін ақпан айында Польшада өтетін «Mentor Torun Cup 2019» турниріне қатысамын.
Жақында Денис Тенді еске алу жарысына қатыстым. Деңгейі өте жоғары болды. Басқа қатысушылар да осыны атап өтті. Бұл турнирде де жоспарды 100 пайызға орындай алмадым. Дегенмен жанкүйерлердің қолдауымен жақсы өнер көрсеттім, - деді Айза Мамбекова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или