«Канело» Головкинмен үшінші рет жекпе-жек өткізуі ықтимал
Boxingnews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуздың пікірінше, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін DAZN платформасынан көбірек ақша дәметіп отыр.
<span>«Өкінішке орай, «Канело» Головкинмен үшінші рет кездесуді түпкілікті шешкен жоқ. Бірақ бұған дейін мексикалық оған қаржылай жағынан мәміле жасау жайлы ұсыныс түссе, онда оны қарастыратындығын бірнеше рет мәлімдеген еді</span>.
<span>Мұның астарында не жатқаны беймәлім. Ол DAZN-мен 365 миллион долларға мәміле жасаған болатын. Альварес мүмкін платформа оған Головкинмен үшінші жекпе-жекке тағы да қосымша қаржы береді деген ойда ма?</span>
<span>Бәлкім, DAZN өздерінің мексикалыққа төлеген ақшасы Геннадиймен үшінші айқасқа жетіп артылады деп шамалаған шығар», -деп есептейді Эмброуз.</span>