Головкин Қарағанды облысының әкімімен кездесті
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- <span>Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды.</span><br /><span>Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.</span>
<span>Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.</span>
Айта кетейік, Майқұдық - Геннадий Головкин дүниеге келген Қарағанды қаласының ең ірі ықшам аудандарының бірі.