Бокс

Алматыда өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді

Алматыда өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшылар 16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін Тәуелсіздік күніне арналған бокс кешінде жұдырықтасатын қарсыластарының есімдерін білді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кеште қазақстандық алты боксшы өнер көрсетеді.

Boxrec.com бокс статистикасы порталындағы ақпаратқа сүйенсек, аталған бокс кешінде жұдырықтасатын сегіз жұп анықталған екен.

Виктор Коточигов (Қазақстан, 10-0, 4 КО) – Хавьер Хосе Клаверо (Аргентина, 27-5, 5 КО), Жеңіл салмақ;

Сұлтан Заурбек (Қазақстан, 8-0, 6 КО) – Лешань Ли (Китай, 16-3-2, 9 КО), Екінші жартылай жеңіл салмақ;

Искандер Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) – Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), Супер жеңіл салмақ;

Нұртас Ажбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) – Лэнди Крис Леон (Филиппины, 13-20-5, 6 КО), Жеңіл салмақ;

Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) – Крис Альфанте (Филиппины, 17-7-1, 9 КО), Супер жеңіл салмақ;

Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) – Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), Орта салмақ;

Хуршид Тожибаев (Өзбексан, 3-0, 2 КО) – Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), Екінші жартылай жеңіл салмақ;

Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) – Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), Екінші ең жеңіл салмақ.

Қазақстандық боксшылар Мирас-Али Сарсенов (1-0, 1 КО), Нұрдос Төлебай (1-0) және Рай Сейітжанов (1-0), сондай-ақ өзбекстандық 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Фазлиддин Гайбназаровтың (7-1, 4 КО) қарсыластары анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер