Бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов туған жерге табан тіреді, деп жазады Prosports.kz.
Жетісай батыр ұлын құшағына алды (видео)
Қазақстандық боксшы кеше Канаданың Монреаль қаласында Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобосты жеңгеннен кейін, туған жері Жетісайға келді.
Еске сала кетелік, жекпе-жектің жетінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, бұл Садриддиннің 11-ші жеңісі. Вильялобос 12 рет жеңіске жетіп, алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или