Алматыдағы бокс кешенінде кімдер өнер көрсетеді
16 желтоқсанда кәсіби бокстан халықаралық «Тәуелсіздік күні» кеші өтеді. Дүбірлі дода аясында алыс және жақын шетелдерден 12 бокс жұбы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спорт кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 16:00-де басталады.
Кештің басты жекпе-жегінде кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов жұдырықтасады. Ол жеңіл салмақта WBC International чемпионы атағын қорғайды. Ол үшін бұл кездесу мансабындағы 13-кездесу болады. Оның қарсыласы - тәжірибелі аргентиналық Хавьер Хосе Клаверо. Хосе 32 жекпе-жекке шыққан, 27 рет жеңіп, 5 рет жеңілген.
Сондай-ақ, жерлесіміз, Азия чемпионы және жасөспірімдер арасындағы вице - әлем чемпионы Сұлтан Зәуірбек WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - қытайлық Лешан Ли.
Жалпы, бокс шоуында Ескендір Харсан (WBC жастар арасындағы құрлықаралық жеңіл салмақтағы чемпион) камерундық Томаса Эссомбаға, Нұртас Әжбенов Филиппиндық Леонға, Абай Төлеш чехиялық Томас Безводқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Одан бөлек Рай Сейтжанов, Елшат Нығметолла, Мирасали Сәрсенов, Нұрдос Төлебай сияқты жас боксшылар өнер көрсетеді.