Джошуа реваншта Руисты жеңді
Сауд Арабияда өткен кәсіпқой бокс кешінде Энди Руис пен Энтони Джошуа жұдырықтасты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Бүгін өткен бокс кешінде ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF,IBO чемпионы Энди Руис бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуамен кездесті.
Кездесу барлық раунд бойы жалғасып, британиялық боксшының пайдасына шешілді. Энтони 118:110, 118:110, 119:109 ұпай санымен қарсыласын ұтты.
Осылайша, Джошуа ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF,IBO титулдарын қайтарып алды.
Алғашқы кездесуде Руис қарсыласын 7 раундта нокаутқа түсіріп, төрт бірдей тұжырымның белбеуін жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или