«Реал» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты
<span>Испания астанасы Мадридте БҰҰ-ның Экологияның өзгеруі проблемалары жөніндегі 25-ші Дүниежүзілік конференция басталды. Оған спорт ұжымдары да қолдау көрсетуде. </span>
<span>Marca басылымының хабарлауынша, Мадридтің «Реал» командасы сенбі күні өз алаңында Испания чемпионатының 16-туры аясындағы «Эспаньолға» қарсы өткізетін ойынында әдеттегідей ақ түсті жейдемен емес, жасыл жейдемен алаңға шықпақ. </span>
<span>Осы арқылы Корольдік клуб БҰҰ климат өзгеруі жөніндегі 25-ші Негіздемелік конвенциясы аясындағы жасыл әлем бастамасына қолдау көрсетпек. </span>
<span>Бұдан бөлек, стадионның қасбетіне 25-ші Конвенцияға арналған биіктігі 19,60 метр, ені 35,77 метр келетін баннер ілінеді. Ол Конференция аяқталғанша – 13 желтоқсанға дейін тұрады</span>