Видео. Руис Джошуадан 20 келіге ауыр
Сауд Арабияда өтетін бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Кештің басты кездесуінде ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF,IBO чемпионы Энди Руис бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуамен бақ сынайды.
Салмақ өлшеу рәсімінде Руис 128,6 келіні, Джошуа 107,5 кг көрсетті.
Айта кетейік, Руис – Джошуа жекпе-жегі 7 желтоқсанда Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд қаласында өтеді. Алғашқы кездесуде Руис қарсыласын 7 раундта нокаутқа түсіріп, төрт бірдей тұжырымның белбеуін жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или